Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда

17.04.2024ж. 20:00
146
«Таза Қазақстан» экологиялық  акциясы жалғасуда

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Астана қалалық мәдениет басқармасының қызметкерлері мен еріктілер шахардағы ескерткіштердің айналасын тазалауға атсалысты. Бүгінгі нысан-Қаныш Сәтбаев ескерткіші. 

Астана қаласында 62 монумент бар. 10 күн бойы олардың айналасын тазарту жұмыстары жүргізіледі. Елорданың экологиясының жақсы болуы туристер үшін де қолайлы болмақ дейді белсенділер.

 Асхат МАЕМИРОВ,  МУЗЫКАЛЫҚ ЖАС КӨРЕРМЕНДЕР ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ескерткіштерді таза ұстау келетін туристер болсын, жалпы қала қонақтары болсын , тұрғындар болсын жалпы таза жерде жүруі қажет. Жалпы қаланың тазалығы, қаланың рухани, жан тазалығын көрсететін дүние. Мемлекет басшысы осы елорданы тазалықта ұстау, үрдіске айналдыру керек деп айтылып жатыр.

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы басталғанына екі апта болды. Халық қалаулылары мұндай сенбіліктер тек арнайы уақытта ғана емес, әр аптада үрдіске айналуы қажет дейді. Себебі шахардың келбетін сақтау- баршаға ортақ міндет.

Кендебай САРЫБАЙҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Менің пайымдауымша, мұндай жұмыстар әр жетінің бір күнінде жүріп отыруы қажет. Өйткені өз қаламыз туған қаламыз, сүйікті қаламыз, тағдырлар тоғысқан қаласы. Жан-жақтан Қазақстанның әр түкіпірінен жиналған осы қазақстандықтар. Біз қаламызды гүлдендіреміз десек, қаламыздың тазалығына жауапкершілікпен қараймыз десек, әркім өзінен бастау қажет.

Астана қалалық мәдениет басқармасының 3000 мыңнан аса қызметкері шахардағы монументтердің тазалЫғын сақтауға атсалыспақ. Республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы 11-ші мамырға дейін жалғасады.