$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елордалықтар Атырау қаласына 13-ші жүк көлігін жіберді

17.04.2024ж. 20:00
470
Елордалықтар Атырау қаласына 13-ші жүк көлігін жіберді

Қиындықта ел бірге. Елорда тұрғындары 2 сәуірден бастап тасқыннан зардап шеккен Қостанай, Орал, Ақтөбе облыстарына үздіксіз гуманитарлық көмек жіберуде. Күні кеше 13- ші жүк көлігі Атырау қаласына жолға шықты. Зардап шеккендерге көмек жинау әлі жалғасады. 

«Зекет және Қайрымдылық» қорының қолдауымен азық-түлік, дәрі – дәрмек, көрпе-төсек, киім-кешек секілді қажетті заттар жиналды. Бұған дейін де су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 900 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілген.

Омар САЛИМБЕКОВ,  ӘЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ:

Астана қаласының осы мешіт жанынан ашылған штаб құрылған болатын. Сол аймақтарға қазір, осы күнге дейін екі күнде, тіпті бір күнде, үш күнде көптеген жүк көліктері жолға шығып жетіп қойды. Астана халқы, Астана елі болып су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға қажетті заттарды әкеліп беруде

Небәрі 10 жастағы Әкімбек те күнде осында. Қолынан келгенше аянбай ерікті қызметін атқарып жүр.

Әкімбек ҚҰРАЛБАЕВ, ЕРІКТІ:

Су тасқыны болып жатқанда, мен үйде қарап жата алмадым. Сүйтіп мешітке келдім, адамдарға су тасқыны болып жатқан жерлерге көмектесіп волонтер болып жүрмін. 5 жасымнан бастап, кішкентай заттарды көтеріп үлгердім. Қазәр 10 жасымда үлкен заттарды көтеріп жүрмін.

Ел басына іс түскенде қарап жатпағандардың бірі- «Сауап» қайрымдылық қорының мүшелері. Олар өз ішінен қаражат жинап үшінші жүк көлігін Атырау қаласына жіберді. Онан кейінгі меже- Петропавл қаласы.

Абзалбек СҰЛТАНБЕК, «САУАП» ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ақтөбе және Орал өңіріне гуманитарлық көмек жібердік. 1 тоннадан жіберіп жатырмыз және осы жерден жамағаттар жіберіп жатыр. Осы Атырау халқына су апатынан зардап шеккендерге 1 тонна өзіміздің гуманитарлық ең керекті деген адамға керекті деген заттарды қазір тиеп жібереміз.

Елордада гуманитарлық көмек қабылдайтын 9 пункт жұмыс істеп тұр. Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптайды және жібереді. Ниет білдірушілер жылы киім, азық-түлік, дәрі-дәрмек, қажетті заттарды әкеледі. Еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды.