Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Қызылжарда судың деңгейі түсе бастады

17.04.2024ж. 20:00
240
Қызылжарда судың деңгейі түсе бастады

Қызылжарда судың деңгейі төмендей бастады. 5,5 метрге дейін көтерілген Есіл кеше шарықтау шегіне жетіп, бүгін бес сантиметрге түсті. Дегенмен, аймақта жағдай әлі де күрделі, дейді мамандар. Суға кеткен үйлердің саны 2700-ге жуықтады. Қазір Қызылжар ауданындағы Большая Малышка мен Соколовка елдімекендерін су басып жатыр. Өңірде 14 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның басым бөлігі туысқандарын паналаса, бір мыңнан астамы эвакуациялық бекеттерде.

 Аслан АХМЕТЖАНОВ, СҚО ТЖД ӨРТТІ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Петропавлда Есілдің деңгейі 5 см-ге азайса, Сергеев су қоймасында ол қайтадан 5 см-ге көтерілген. Петропавлға топан судың екінші толқыны шамамен бір аптадан кейін келеді. Бүгінгі таңда 107 баспана судан босады. 640 адам үйлеріне қайтып оралды. Наурыз айының соңынан бастап облыс бойынша 69 жолды су басқан болатын. Бүгінде оның 11 әлі суда тұр.