$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Үндеуге қатысты белгілі саясаттанушылар пікірлерін білдірді

AstanaTV
27.01.2017ж. 20:00
3494
Үндеуге қатысты белгілі саясаттанушылар пікірлерін білдірді

Билік тармақтарын бөлу - саяси реформалар үшін жасалған ұтымды қадам. Енді оны сауатты жүзеге асыру міндеті тұр. Белгілі саясаттанушылар осындай пікірілерімен бөлісті. Досым Сәтбаев, бұл өз-өзін ақтайтын бастама, десе, Расул Жұмалы, саяси процестің басталуы - уақыт талабы, деді.

Расул Жұмалы, саясаттанушы:

Бірақ заман өте демократиялық ел болу үшін билік тармақтарының бөлінуі, Үкіметтің, Парламенттің, соттың белгілі бір жағдайда лауазымы тәуелсіз болуы - бұл өмірдің қажеттілігі, өмірдің талабы. Өркениетті мемлекет боламыз десек. Сондықтан бұл тұрғыдағы  бастамаларды Президент кеше ғана емес, бұған дейін де бірнеше рет көтеріп келе жатыр. Оның ішінде Президенттің асыра билігінің бір тармағын Үкіметке, Парламентке тапсыру. Соның бастамасы ретінде нақты бірнеше ұсыныстарды жасады.

Досым Сәтбаев, саясатанушы:

Менің ойымша, бұл - алғашқы саты, яғни сынақтың бір түрі болар. Десе де, ары қарай барлығы саяси реформалардың сауатты жүргізілуіне тәуелді. Парламенттің рөлін күшейтіп, форматын өзгерту, ал Үкіметті еркін, халықпен байланысқа бейім әрі жариялылы ету өз тиімділігін көп ұзамай көрсетеді. Қалай десе де бұл бір қызық процесс. Айтпақшы, Орталық Азия елдерінде, соның ішінде Түркіменстан мен Өзбекстан да билік тармақтарын бөлу жүйесі жүріп жатыр.