Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ақтөбе облысында Әскери ұшқыштар тоғыз адамды құтқарды

18.04.2024ж. 20:00
134
Ақтөбе облысында Әскери ұшқыштар тоғыз адамды құтқарды

Ақтөбе облысында Әуе Қорғаныс күштері әскери институтының ұшқыштары су басқан аймақтан екі отбасын құтқарды. Ырғыз ауданында байланыс жоқ жерден тоғыз адамды көріп қалып, тік ұшақпен аман алып шыққан. 

Бітті уже ұйықтады құмның қасында өзіміз тоңсақ та үстімдегі киімді шешіп, үш айлық балама курткамды көпшік қылып орап. 2 км тауға шығу шығыл , сай сала балдар құлап тұрып, су сұрады, тамақ сұрады жүрегімізді ауыртып, әйтеуір кә вертолет келеді. Сендерге сок алып келеді деп алдап әйтеуір тауға шығардық шаққа деп. Әскери адамдарға бізді құтқарған вертолеттегі рахмет айтамын. Алла разы болсын!

Отбасы мал базасынан Ырғыздың Белшер ауылына жету үшін таңғы сегізде үйлерінен шыққан, бірақ жете алмапты. Жолда көліктері белден суға батып кеткен. Өздері аман шығып, биік жерге қарай жаяу жүрген. Әбден әлдері кетіп, ас- суы таусылғанда бір бағананың қасына келіп тұрған. Сол жерде Белшерден ұшып бара жатқан тікұшақ көріп қалып құтқарыпты. 

Бейбарыс ИБРАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ АВИАЦИЯЛЫҚ ЭСКАДРИЛЬЯ ШТАБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Связ жоқ. Байланыс құралдары жоқ. Адасып кеткен. Мал бағатын адамдар. Су басып қалғанда үйлерінен шығып, адасып кеткен. Бағананың астында қол бұлғап оларды көріп қалып, оларды дереу құтқару операциясымен құтқарып алып келгенбіз.Бес баламен далада қалған.