$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Арқалық қаласында су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған 27 отбасы пәтер алды

18.04.2024ж. 20:00
592
Арқалық қаласында су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған 27 отбасы пәтер алды

Арқалық қаласында су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған 27 отбасы пәтер алды. Облыс көлеміндегі су басқан 823 үй зерттеліп, оның бес жүзден астамын қайта қалыпқа келтіруге болатыны анықталды. Шығын толық есептелген соң, жөндеуге қажетті қаражат беріледі. Мал шығыны да өтеле бастады. Қазіргі кезде 528 түліктің өтемақысы төленді .Аймақта арнайы комиссия мен қатар қоғамдық штаб құрылды. Жергілікті билік тиісті шараларды қабылдап жатыр. 

Бауыржан БЕКЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қостанай облысы бойынша барлығы 938 малдың шығын болғаны, және құжаттары дайындалып бағалаушы мекемеге өткізілді. Осы уақытқа дейін аудандық ветеринария мамандары кімнің малы суға ағып кеткенін,кімнің малының өлексесі екенін.ИСЖ базасында тіркелген,тіркелмегені туралы қолымыздағы бар ақпарат.Сондықтан сол қолдағы ақпарат бойынша жұмыстар жүргізілуде.