Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ерлан Қарин Қазақстан мен Қырғызстанның зиялы қауымы және шығармашылық сала өкілдерінің форумына қатысты

18.04.2024ж. 20:00
202
Ерлан Қарин Қазақстан мен Қырғызстанның зиялы қауымы және шығармашылық сала өкілдерінің форумына қатысты

"Ауылы аралас, қойы қоралас қырғыз бен қазақтың етене араласуы мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттыра түседі". Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин екі ел зиялылары мен шығармашылық өкілдерінің басқосуында осылай деді. Көрші ел Президенті Садыр Жапаровтың елімізге ресми сапары аясында өткен бұл форумда бауырластық қатынастарға қатысты тың пікір мен мәнді ұсыныстар айтылды.Бұл шара екі ел арасындағы шығармашылық сала өкілдерінің бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасауына,сондай-ақ әдебиет, өнер және мәдениетаралық ықпалдастықтың басқа бағыттары бойынша заманауи әрі сұранысқа ие жобаларды қолдауға тамаша мүмкіндік береді. Сан саладағы байланысты нығайта түсу үшін қос тарап форумды тұрақты түрде өткізуге сөз байласты.