$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Бұдан былай көріпкелдер мәжбүрлі жұмыстарға жіберіледі

AstanaTV
19.04.2024ж. 08:44
394
Бұдан былай көріпкелдер мәжбүрлі жұмыстарға жіберіледі

Тәжікстанда алаяқтықтың алдын алу жұмыстары аясында бақсылықпен айналысатын және заңсыз діни ілімдерді уағыздайтын адамдар анықталып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Тәжікстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елде "Дәстүрді, мереке мен рәсімдерді ретке келтіру туралы", "Ата-ананың баланы оқыту мен тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы", "Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы" және т.б. Тәжікстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтамауға байланысты бұзушылықтардың алдын алу бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Бұл тұрғыда бақсылық, заңсыз діни ілім, бойтұмар мен тұмар тарататын молдалықпен айналысатын адамдарды бақылау жүзеге асырылады, мұндай адамдар үшін бірыңғай тіркеу тізілімі енгізілді.

Осындай құқықбұзушылықтарға байланысты Тәжікстан Республикасының Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейту туралы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі", - делінген хабарламада.

Алаяқтықпен айналысатын адамдар - бақсылық, сәуегейлік, бойтұмар мен тұмарлар тарату, заңсыз діни оқыту - енді 6 айға дейін мәжбүрлі жұмысқа жіберілуі мүмкін.