Жаһандық табиғи сын-қатерлер жағдайында аграрлық ғылымды басымдықпен дамыту қажет. Және зерттеу жұмыстарының тақырыбын мемлекет белгілеген жөн. Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясы Президиумының «Ауыл шаруашылығын табиғи апаттарға бейімдеудегі аграрлық ғылымның рөлі» тақырыбындағы көшпелі отырысында талқыланды.
Елімізге үлкен агро сараптамалық орталық қажет. Бұл -дамыған мемлекеттерде бар үрдіс. Онда ғалымдардың нақты қандай зерттеулермен айналысу қажеттігін анықтайды. Сондай-ақ алда болатын сын қатерлерді болжайтын ірі жобалар керек. Өкінішке қарай, 130 астам зерттеу жұмысы өндіріспен байланыспайтын көрінеді.
Ақылбек КҮРІШБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРЕЗИДЕНТІ:
Сын қатерлерге қарсы ірі глобалдық мәселені шешу үшін біздің қазақстанда, үлкен пәнаралық мигранттарды жүргізуіміз қажет. Бізде ондай жобалар жоқтың қасы. Біздің жобалардың барлығы ұсақ. Аграрлық ғылымда мысалы 139 ұсақ, бір-бірімен байланыспаған зерттеулер бар. Өндіріске сұранысы жоқ. Қарапайым сөзбен айтқанда сөрелерде қалып қояды.
Елдегі су тасқыны халықтың дегбірін қашырғаны анық. Бұл мәселені шешуге жалғыз ғылыми қауымдастықтың шамасы жетпейді дейді сала мамандары.
Исмаил ТОҚБЕРГЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАС ҒАЛЫМ ХАТШЫСЫ/АУДАРМА:
Біздің мемлекеттік ғылыми қауымдастық барлық мәселені жалғыз шеше алмайды. Өйткені су ресурстарының барлық көздері еліміздің сыртында орналасқан. Мәселен, Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей. Бұл жиында біз мониторинг, болжам жасау және апаттың салдарын азайту тәсілдеріне баса мән береміз.
Өкінішке қарай, бізде жер қабатын зерттейтін ғалымдар да жеткіліксіз . Жалақы аз болған соң мамандар шетел асып кетуге мәжбүр. Қаржы молынан бөлінсе, бұл проблеманы да шешуге болады дейді мамандар.
Бауыржан ҚАСЕНОВ, ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
Шыны керек бір сыпыра уақытта қаржылық жетпегеннен көбінесе ғалымдар кетіп қалды. Жастар аз. Мен ойлаймын осы болған жағдайдан кейін менің ойымша үкімет көңіл бөледі. Мысалы біздің ғалым наукамызда тарих 90 жылдан асады. Ал Қытайдың ең үлкен деген тарихы 50 жыл. Бізде тарих жеткілікті білім мол. Бүгінгі ең қиындатып жатқан қиындық ол қаржы бөлу.
Айта кетейік аграралық салада білім гранттарын игеру көрсеткіші 59%. Былтыр су ресурстары мамандығына Қазақстанда небәрі 101 талапкер оқуға түскен. Ал тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін елімізге жыл сайын 800 маман қажет.