$494.87 €520.65 ₽4.91
×

БҚО-да тасқынмен күреске 2000 әскери жұмылдырылды

19.04.2024ж. 20:00
454
БҚО-да тасқынмен күреске 2000 әскери жұмылдырылды

Оралда Жайықтың деңгейі 8 метрден асты. Өзен суының қауіпті межеге жетуіне жарты метр ғана қалды. Қазір облыс орталығын тасқын судан құтқарып қалуға жұмылдырылған жауынгерлер де қаруын тастап, қолға күрек алған. Күндіз-түні бел жазбастан еңбек еткен ұлттық ұланның сарбаздары Жайық өзенінің жағалауын бекітіп жатыр. Бүгінде облысқа 7 өңірден көмек келіп жетті. Дені - еріктілер. Облыста 22 жолды су шайып, әлі күнге 9 ауылмен қатынас жоқ. Мамандар Жайық өзені 22-24 сәуір аралығында тасиды деген болжам айтып отыр. 

 Бегайдар ҚАЗЫКЕЕЕВ, "БАТЫС" ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚОЛБАСШЫСЫ:

Әскери бөлімнің қызметшілері халықтың жеке мүлкін күзету барысында және су тасқынына байланысты көшелерді су басқан жерді, солардың барлығына қапшықпен құм тасып, бекітіп, көмек көрсетіп жатыр. 2000-ға жуық әскери қызметші, 40-қа жуық өзіміздің техникаларымыз жұмылдырылып, бүгінгі таңда өзінің жұмыстарын атқарып жатыр.

Су құрсауында қалған оралдықтарға өзбек бауырлар да қол ұшын созды.Тасқын туралы суыт хабарды естіп, шұғыл жеткен Әли есімді аспаз бір өзі бір күнде үш қазан палау дайындайды. Осылайша күн сайын 500 адамды тамақтандырып жатыр. Әли бұған дейін Түркиядағы зілзала кезінде де көмектесіпті. Оралдықтарға жәрдемдескен ол әрі қарай тасқыннан зардап шеккен өзге облыстарға аттанбақ. 

Әли, ЕРІКТІ:

Бауырлас ел болғанымыз үшін келуді хақладым. Повар болғанымыз үчін бұл жерде қазақ бауырларымыз да узбекский пловты жақсы көреді ғой. Сол үшін өзбекский плов жасап тұрмын. Енді қанша керек болса, елге қызметке даярмыз. Өзбек қардашларымыз, бауырларымыз қолдап, қуатлап тұр