$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үй мәселесін жылдам шешу – басты міндет

AstanaTV
19.04.2024ж. 18:49
448
Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үй мәселесін жылдам шешу – басты міндет

Үкімет су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды қолдау тетіктерін әзірледі, ол қазірдің өзінде су басқан өңірлерде қолданылуда.

Сонымен, егер комиссия тұрғын үйді қалпына келтіруге жарамсыз деп таныған жағдайда, оны шешудің екі жолы қарастырылған: жаңа тұрғын үй салу немесе дайын жылжымайтын мүлік сатып алу.

Бұл ретте азаматтардың өңірдегі ұсынылған елді мекендердің бірінде өздеріне қолайлы нұсқаны таңдауға мүмкіндігі болады.

Жалғыз баспанасынан айырылған саяжай тұрғындары да мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылады

Әкімдіктер жаңа құрылыс салу үшін жер телімдерін таңдау жұмыстарын жүргізуде. Ақтөбе облысында үйлердің құрылысы басталып та кетті.

Қостанай облысының Арқалық қаласында зардап шеккен 27 тұрғынға пәтер сатып алынды. Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы отбасыларға жаңа баспана кілті табыс етілді.

Аталған жұмыс әрбір зардап шегуші баспанамен қамтамасыз етілгенге дейін жалғасады, — деп атап өтті өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.