Әнші сұхбат беріп отырып, өзі туралы құпияны айтып қойды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақ эстрадасының жұлдызы Мейрамбек Бесбаев елді қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өзі жайлы ел білмейтін жайттарды ақтарды.
Instagram желісінде Мейрамбек Бесбаевтың ерекше сұқбатының үзіндісі тарап кетті. Онда әнші өзіне қойылған қысқа сұрақтарға жауап беріп жатқанын көруге болады. Жүргізуші өнер иесіне түрлі қызықты сауалдар жолдап, әншіге және оның өміріне қатысты бірқатар жайтты білді. Бесбаев сұқбат барысында біреудің жүрегін жаралағанын айтып қалды.
"Бұл қиын сұрақ екен. Мен жүрегін жараладым деп ойлаймын", - деді әнші.
Сонымен қатар әртіс Мадина Сәдуақасова мен Ерке Есмаханның қайсы мықтырақ екеніне жауап бере алмады. Эстрада жұлдызы қос арудың да өнерін қатты бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ өнер иесіне "ақша немесе уақыт" деген сұрақ қойылды. Әнші еш кідірместен уақытты таңдайтынын айтты. Мейрамбек Бесбаев Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбіловті де бөліп-жара алмайтынын жеткізді.