$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жылыой ауданында су тасқыны басталғаннан бері 900 мың текше метрге жуық су шығарылды

AstanaTV
22.04.2024ж. 15:24
614
Жылыой ауданында су тасқыны басталғаннан бері 900 мың текше метрге жуық су шығарылды

Тасқыннан кейінгі қаладағы суды сору жұмыстарына еліміздің түрлі аймақтарынан қосымша күштер тартылуда:

- Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімі,

- Маңғыстау облысы ТЖД,

- Алматы облысы ТЖД,

- Атырау облысы ТЖД

"Қазіргі уақытта Құлсары қаласын судан тазарту жұмыстары жалғасуда, оған 7 тіркеме және 21 тасымалданатын мотопомпалар, 1 бірлік ПНС-200, 1 бірлік - СНП-500, 3 бірлік ПНС-110 және 1 бірлік АР-2, 51 вакуум, 3 вакуум "Суперсакер" тартылды. Қазіргі уақытта жіберілетін судың жалпы көлемі 887 219 м3 құрайды, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.