“AMANAT” партиясы Қостанай облысындағы тасқыннан зардап шеккен 5 мыңға жуық тұрғынға қол ұшын берді.Гуманитарлық көмек әлі де көрсетіліп жатыр. Партияның облыстық филиалы су басқан елдімекендерге 120 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті. Оның сыртында Астана, Алматы, Абай, Қызылорда облысынан 200 тоннаға жуық жүк келді.Қостанай облыстық филиал төрағасы, жедел штаб мүшелері тұрғындармен кездесіп, көрпе –жастық, азық түлік апарып берді. Тек Красный Кузнец көшесінің бойындағы 37 үйді су басқан.Баспананың көбі қайта жөндеуге келмейді.Тұрғындар туыстарын, эвакуация орталықтарын паналап жүр.Партия өкілдері мен мәслихат депутаты шығынды өтеу жөнінде құрылған комиссия жұмысының әділ, әрі жіті бақылауда болатынын айтты.
Сапарғали ИБРАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Сумен, оттан ешқайда қаша алмайсың дейді ғой.Ол шын енді.Әйтеуір басымыз аман.Көмектемесіз деп жатыр.Көмектесіп жатыр.Мың да бір рахмет.Енді ары қарай үйдің шығынын есептеп, бөтен үй алып кететіндей болса жақсы болар еді.
Алмат ДОСМҰХАМЕДОВ,«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ:
Аударма: Барлық комиссияға «AMANAT» партиясы атынан қалалық, облыстық мәслихат депутаттары, филиал басшылары кірді.Біз бұл жұмысты жергілікті жерлерде ұйымдастырып, зардап шеккен адамдардың толық көлемде өтемақы алуын қарастырамыз.