$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ағаш егу арқылы жаһандық жылынумен күресе аламыз

22.04.2024ж. 20:00
499
Ағаш егу арқылы жаһандық жылынумен күресе аламыз

Бүгін - халықаралық Жер-Ана күні. Оны 15 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен. Жер Ананы Жаһан болып аялап, барынша табиғат пен адамзат арасындағы үйлесімді тепе-теңдікті орнатуға шақырады. «Жер – ана, адамзат – бала» деп ертеден қасиет тұтамыз. Ал қаншалықты қамқорлық танытып жүрміз? Тілшіміздің бейнематериалы. 

Мамандар Жер-Ананы аямай ластаудың кесірінен жануарлар мен өсімдіктердің 1 миллионға жуық түрі құрып кетудің сәл-ақ алдында тұрғанын айтады. Қоршаған орта үшін ең үлкен залалдардың бірі әрі бірегейі – пластик.

 Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ,ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Тынық мұхиты соның бетінде пласмасадан үлкен аралдар пайда болды. Оның көлемі францияның көлеміндей. Бізге қазір недиролгтар айтып отыр Жаздыкүні өте ыстық болады деп,Сондықтан су мәселесі бірінші болу керек ,Мұздықтар еріп жатыр 49 пайыз мұздықтар еріп кетті оларға да жол табуымыз керек.

Жаһандық жылыну да басты мәселе. Біріккен Ұлттар Ұйымы: «температураны 1,5 градустан асырмау керек», – дейді. Бірақ бұл мақсатқа жету үшін әлем елдерінің үкіметтері 2030 жылға дейін ауаға бөлінетін зиянды қалдық көлемін 45%-ке қысқартуға тиіс.

Лаура МАЛИКОВА,ТӘЖІРИБЕШІЛІК ҰЛТТЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚ ТӨРАЙЫМЫ, ЭКОЛОГ:

Климаттың өзгеруі Соңғы 5 жылда бұл өте үлкен қарқынмен көрініп отыр. Ауа райының өзеруін байқап жатырмыз. Бұның бәрі климаттың өзгеруінің салдары. Былтырғы жылдың жазынан бастап бізде климаттың өзгеруінде Эль-ниньо деген құбылыс басталды.

Ағаш егу арқылы жаһандық жылынумен күресе аламыз. Ағаш көбейген сайын ауа температурасы төмендейді. Сондықтан Жер-ананы күтіп баптап, айналамызды жасыл желекке айналдырайық.