Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Маңғыстау облысы туу көрсеткіші бойынша алда тұр

AstanaTV
23.04.2024ж. 09:54
162
Маңғыстау облысы туу көрсеткіші бойынша алда тұр

Былтыр Қазақстанда 388,4 мың сәби дүниеге келген. Оның 51,6 пайызы – ұлдар, 48,4 пайызы – қыздар. Биыл туу көрсеткіші бойынша Маңғыстау облысы көш бастап тұрғаны анықталды (1000 тұрғынға 26,74 адам), - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Ал бұл көрсеткіштің былтырғы коэффиценті 1000 адамға шаққанда 20,57 құраған. Түркістан облысында (1000 тұрғынға 26,18 адам) және Шымкент қаласында (1000 тұрғынға 25,70 адам) байқалған. Бала туудың негізгі үлесі 25-29 аралығындағы әйелдерге тиесілі – 29 пайыз, 30-34 жас аралығындағыларда – 26 пайыз. 20 жасқа дейінгі әйелдер өткен жылы 12,6 мың бала, 50 жастан асқандар 96 баланы дүниеге алып келген. Бұл ретте ананың орташа жасы 2023 жылы 29,7 жасты құрады. Өңірлік бөліністе ТЖК ең жоғары деңгейі Түркістан (4,39), Маңғыстау (3,99) облыстарында, ал ең төменгі деңгей – Солтүстік Қазақстан облысында (1,82) тіркелді. Туған балалардың 23 пайызы – 90,7 мыңы отбасындағы екінші бала. Мыңнан астамы сегізінші бала.