Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ержүрек ұшқыш Хиуаз Доспанованың мектеп кезіндегі суреті табылды

AstanaTV
23.04.2024ж. 12:11
276
Ержүрек ұшқыш Хиуаз Доспанованың мектеп кезіндегі суреті табылды

Ержүрек ұшқыш Хиуаз Доспанованың мектеп кезіндегі суреті табылды. Оны тапқан өлкетанушы Айболат Құрымбаев. 

- Архивте көне басылымдар­дың тігіндісін қарап отырғанмын. Сол кездегі Батыс Қазақстан облыстық «Приуральская правда» газетінің 1940 жылы 4 қаңтардағы нөмірінің бірінші бетінде қарша­дай қазақ қызының суреті басыл­ған екен. Фотосуреттің сипаттамасында «Досанова Х.Х.» деп жазылғанымен, қазақтан шық­қан қаһарман ұшқыш қыз­ды бірден таныдым, - дейді жерлесіміз Айболат Құрымбаев.

Газетте суреттің астында «10-сыныптың оқу үздігі, №1 (Орал) орта мектеп бойынша комсомол комитетінің хатшысы Х.Х.До­санова Оралдағы Осоавиахим жанын­дағы аэроклубты мектептен қол үзбей оқып, «жақсы» деген бағамен аяқ­тады» деп жазылған екен.