Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

«Ақша алған әйелдің аты-жөнін білемін»: анасын іздеп жүрген Жәнібек тың дерек айтты

AstanaTV
23.04.2024ж. 14:41
337
«Ақша алған әйелдің аты-жөнін білемін»: анасын іздеп жүрген Жәнібек тың дерек айтты

Жәнібекті асырап алған Валери оны балалар үйінен қалай алғанын және кіммен сөйлескенін айтып берген. Анасын іздеп жүрген қазақ баласы Жәнібек Савельев әлеуметтік желідегі парақшасында өзін асырап алған белгиялық әйелді көрсетіп, одан біраз шындықты білгенін айтты.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлады.

Жәнібекті асырап алған Валери оны балалар үйінен қалай алғанын және кіммен сөйлескенін айтып берген. Ол әйелдің аты-жөні де белгілі екен.

«...Валери маған бар шындықты айтты. 12 000 доллар және оны кімге бергенін де айтты. Мен Валериден ақша алған әйелдің аты-жөнін білдім, бірақ мен сұхбатта оның есімін әдейі жасырдым. Мен ол әйелдің маған хабарласып, туған анамды табуға көмектескенін күтіп жүрмін», - дейді Жәнібек Савельев.