Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Түркістан облысында шіркей шыдатпай тұр

Түркістан облысында шіркей шыдатпай тұр

Түркістан облысындағы Отырар ауданының халқы шіркейге талана бастады. Әсіресе Сырдария өзеніне жақын орналасқан ауылдың тұрғындары қатты қиналуда. Шіркей ашық тұрған жердің бәріне кіріп, қатты әбіржіткендіктен, күні бойы үйге тығылып отыратындарын айтады. Жылдағы дәрілеу жұмыстарынан нәтиже шығар емес дейді.

Жел тұрса осылай тоғайдан келеді да, ауып келеді да желмен бірге. Одан кейін біраз болады, сөйтіп қайтып кетіп қалады ғой. Екі аптадай болады, онда да жел алып кетеді да қайтадан. Үйреніп қалғанбыз. Қысы-жазы өстіп жауып жүреміз.

Қанатты жәндіктермен күресуге былтыр қазынадан қыруар қаржы қаралған. Отырар ауданының өзінде оннан астам елдімекенде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бірақ шіркейден биыл да құтылу мүмкін болмай тұр. Ал әкімдіктегілер ақпан айынан бері дезинсекциялау жұмыстары жүріп жатыр дейді. Ресми дерек бойынша, аймақтағы 7 аудан мен қалада 5,5 мың гектар аумақ дәріленеді. Десе де сала жауаптылары да шіркейден 100 пайыз құтылу мүмкін емес екенін айтады.

Тайшыман ДӘУЛЕТҚҰЛ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Шіркейлермен күреске екі түрлі бағытта жұмыс жасаймыз. Біріншісі, биологиялық препараттармен, екіншісі химиялық препараттармен. Ғылыми сүйемелдеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес шіркейлерді 100 пайыз жойып жіберу мүмкін емес деп бізге қорытындысын берді. Ол 70 немесе 80 пайызға дейін жоюға мүмкіншілік болады.