Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

“Аmanat” партиясының қарағандылық белсенділері Солтүстік Қазақстан облысына 120 тоннна гуманитарлық көмек жіберді

23.04.2024ж. 20:00
258
“Аmanat” партиясының қарағандылық белсенділері Солтүстік Қазақстан облысына 120 тоннна гуманитарлық көмек жіберді

“Аmanat” партиясының қарағандылық белсенділері Солтүстік Қазақстан облысына 120 тоннна гуманитарлық көмек жіберді. 3 жүк машинасы гигиеналық құралдар мен көрпе- жастық, азық- түлік артып жолға шықты. Гуманитарлық көмек жинайтын штаб “Аmanat” партиясының жанынан ашылған болатын. Оған Қарағанды мемлекеттік университеті мен “Болашақ” академиясы, барлық деңгейдегі депутаттар, партия мүшелері, қала және ауыл тұрғындары атсалысты. Көмек жинауда су тасқынынан жапа шеккен халықтың тілегі ескеріліп су, дәрі- дәрмек, резенке етік, күрек, тамақ секілді ең қажетті өнімдер алынған. Қайырымдылыққа әсіресе Бұқар жырау ауданының тұрғындары жұмыла кіріскен. Өйткені дәл осы елдімекенді 9 жыл бұрын су басып, ондаған үй бүлінген болатын.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
“Су апаты болған өңірлерге басты не қажет, осы сұрақтар бойынша біздің енді Солтүстік Қазақстандағы әріптестерімізге сұрау салдық. Сол сұраулар бойынша жұмыс жасадық. Сондықтан мұндағы кетіп бара жатқан әрбір көмектің барлығы Батыс Қазақстандық немесе Солтүстік Қазақстандық отандасымыздың қажетіне жарайды деп есептеймін”.