$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мемлекет басшысы KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024ж. 20:00
651
Мемлекет басшысы KIA корпорациясының президентін қабылдады

Жыл соңына дейін 70 мың көлік шығаруға қуатты Қостанайдағы автомобиль зауыты іске қосылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған KIA компаниясының бас директоры Хо-сунг Сонг осылай деді. Корпорация жобаны жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 90 миллиард теңгеден астам инвестиция құйған. Мемлекет басшысы KIA корпорациясының Қазақстанда автобөлшектердің жергілікті өндірісін жолға қою туралы шешімін құптады. Сондай-ақ аталған саланы дамыту үшін білікті отандық мамандар даярлау қажет екенін айтты.