Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

ЭКСПО көрмесіне келетін туристерді қабылдау үшін 164 қонақ үй дайын

AstanaTV
31.01.2017ж. 20:00
3705
ЭКСПО көрмесіне келетін туристерді қабылдау үшін 164 қонақ үй дайын

ЭКСПО көрмесіне келетін туристерді қабылдау үшін 164 қонақ үй дайын. Бұл туралы Астана қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында мәлім болды. Инвестициялар және даму басқармасы өкілінің айтуынша, тағы 30-ға жуық қонақ үй салынып жатыр. Оларды 10 маусымға дейін аяқтау жоспарланған.

Қанат Исабеков, Астана қаласы инвестициялар және даму басқармасы басшысының орынбасары:

Біз туристерді орналастыратын басқа да  құрылымдарды қарастырамыз. 1 ай ішінде нақты қанша орын бөлінетіні анықталады. Сондай-ақ, шағын қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасын жақсарту басты назарда.

Жатақханаларға меймандарды орналастыру студенттердің сабақ кестесіне қарай ыңғайластырылмақ. Сондықтан оқу процесіне кедергі жасамауы тиіс. Сондай-ақ, елімізге келетін саяхатшыларға қызмет көрсету үшін ЖОО-ның студенттері шақырылған.

Азамат Дүйсенбаев, Гумилев атындағы ЕҰУ туризм кафедрасының меңгерушісі:

605 студент оқиды туризм мамандығы бойынша волонтерлік қызметті біздің студенттер алып жатыр. Риксос, Мэриот, Редиссон деген отельдермен бізде келісімшарт бар. Олар қазір айтады, мысалы, 30 адам жұмысқа тартамыз, ағылшын тілінде өздері іріктейді.