$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Студенттер лас суды таза суға айналдыратын жоба әзірледі

Студенттер лас суды таза суға айналдыратын жоба әзірледі

Алматылық студент Наурызбек Надирхан баламалы тоқ көзін алу жобасын әзірледі. Оның құрылғысы макет күйінің өзінде ұялы телефонды зарядтайды. Ал өндірістік жағдайда тәжірибеге енгізсе, бүкіл ауылды электр энергиясымен қамтуға болады.

Наурызбек НАДІРХАН, СТУДЕНТ:

Судың буы қысымға қарсы қозғалғандықтан, мынау дискіміз өздігінен қозғалу арқылы двигательді өздігінен қыздырады. Ал двигатель қозғалған кезде қызадығо, бұл ток көздерін береді.

Жер бетінде 1,7 миллиард адам тұщы суға зәру. Алматы энергетика және байланыс университетінің студенті Камиль Замалиев замандастарымен бірге лас суды ауыз суға айналдыратын қондырғының үлгісін жасады. Ол жылытқыш, конденсатор және таза су жинағыш қазандықтан тұрады.

Камиль ЗАМАЛИЕВ, СТУДЕНТ:

Бұл - таза су алуға арналған құрылғы. Судың құрамындағы топырақ, бактерия, вирустарды тазалап, ауыз суға айналдырады. +Мына жерде қазандықта су жылытылып, құрамы сүзіледі. Содан соң желдеткіш арқылы температурасы төмендеп, ішуге лайықталады.