Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Санжар Тәшкенбай Астанадағы Азия чемпионатына қатыспайды

AstanaTV
25.04.2024ж. 00:32
298
Санжар Тәшкенбай Астанадағы Азия чемпионатына қатыспайды

27 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астанада бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Аталған бокс бәсекесіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, – деп хабарлайды ҚР ҰОК. 

Қазақстан U22 құрамасының тізімінде Санжар Тәшкенбай жоқ. Ол жарақатына байланысты құрлық додасынан сырт қалды. 

Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын боксшылар тізімі:

48 кило: Ернар Қарап

51 кило: Кенже Мұратұлы

54 кило: Нұрсұлтан Алтынбек

57 кило: Ерболат Сабыр

60 кило: Руслан Күзеубаев

63,5 кило: Ерасыл Танкай

67 кило: Елнұр Сүйінбай

71 кило: Сабыржан Аққалықов

75 кило: Диас Молжігітов

80 кило: Ерасыл Жакпеков

86 кило:Темірлан Мұқатаев

92 кило: Бекнұр Батырбек

+92 кило: Аманат Сабырғали