Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қырғызстанда сел жүріп, 200-ден астам тұрғын үй су астында қалды

AstanaTV
25.04.2024ж. 13:52
225
Қырғызстанда сел жүріп, 200-ден астам тұрғын үй су астында қалды

Үш өңірде төтенше жағдай режимі енгізілді.

Бұл туралы Бішкекте өткен брифингте елдің Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының орынбасары Урматбек Шамырқанов мәлімдеді, деп хабарлайды Синхуа агенттігі.

Ол Ош, Жалал-Абад және Талас облыстарында төтенше жағдай енгізілгенін хабарлады.

Айтуынша, 20 сәуірден бері республикада толассыз жауған жаңбыр салдарынан 50-ге жуық сел болған. 200-ден астам тұрғын үй мен 300 аула, бірнеше мектеп пен әлеуметтік нысан су астында қалды. Лай ағындары жолдар мен көпірлерді басып қалды.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Жалал-Абад облысының Ноокен ауданында селге қарсы бөгетті су жарып өтіп, 300 үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлаған болатын. Ош облысының Қара-Құлжа ауданында сел көлікті алып кетіп, ішіндегі адам қаза тапты.

Сейсенбі күні Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов селден зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін айтты.