Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қарағанды облысында абақтыда отырған 23 жастағы жігіт 3 тонна көлікті тісімен сүйреп, таң қалдырды

25.04.2024ж. 20:00
205
Қарағанды облысында абақтыда отырған 23 жастағы жігіт 3 тонна көлікті тісімен сүйреп, таң қалдырды

Қарағанды облысында абақтыда отырған 23 жастағы жігіт 3 тонна көлікті тісімен сүйреп, таң қалдырды. Қарабаста жазасын өтеп жатқан Рахаттың өнерін білікті спортшылар да тамашалады.

Рахат Үшкемпіров 30 адам отырып алған Газельді 20 метрге дейін тісімен сүйреп апарды. Одан кейін 32 келі гирді аузымен шыр көбелек айналдырды. Өзінің салмағы бар жоғы -60 кг. Қара күш ата- бабасынан дарыған. Әкесі мен бауырлары да осындай қасиетке ие, тіпті ол үшін арнайы дайындалмаймыз, - дейді. Рахат Үшкемпіров- Алматының Сарыөзек кентінің тумасы. 15 жасынан бастап осы өнерін көрсете бастаған. 4 тоннаға дейін тісімен сүйрей алады. Мектепте жігіт сұлтаны болған. Кейін әскер қатарына қосылып келісімшартпен қызметте жүріп бір жыл бұрын сотталған. Колония басшылары жазасын өтеушіні сабырлы, салмақты жігіт дейді. Рахаттың арманы тезірек абақтыдан шығып, отбасымен қауышып жаңа өмір бастау.

Рахат ҮШКЕМПІРОВ, ҚТЖД №35 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

Өзім қызықққам жоқ. Әкеммен спор ойнап көрдім содан тартып кеттім. Осындай газель, бірақ ұзындау келген ішінде қойлар болды , соның бәрін таразыға қойдық сонда 4 тонна болды ғой».