$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасына өтінім беру басталды

25.04.2024ж. 20:00
588
«Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасына өтінім беру басталды

Бүгіннен бастап «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасына өтініш бере аласыз. Азаматтар өтінімдерді «Баспана маркет» порталы арқылы жолдай алады. Құжаттарды қабылдау мерзімі екі айға, яғни, 30-шы маусымға дейін жалғасады. Қазірдің өзінде үш мыңға жуық адам өтінім беріп үлгерді. Еске салайық, жаңа ипотекалық бағдарлама 8 жылға арналған. Биыл 12 мың қазақстандық баспаналы болады деп жоспарланып отыр.

Жансұлтан МАТАЙ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ОРТАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

«Наурыз» бағдарламасында Алматы, Астана қаласы 36 миллионға дейін, қалған елдімекендердің барлығында, ол облыс орталығы болсын, аудан орталығы болсын, моноқала, шағын қала, ірі ауылдық елдімекендер болса, 30 миллионға дейін несие ала беруге болады. Қай ауылдан алады, соған байланысты баға әртүрлі болады.