$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккендерге қоғамдық штаб жан-жақты қолдау көрсетуде

25.04.2024ж. 20:00
524
Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккендерге қоғамдық штаб жан-жақты қолдау көрсетуде

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетіп, көмек беруге арналған қоғамдық штаб жұмыс істеп тұр. Қоғамдық штаб аптасына жеті күн тәулік бойы қызмет көрсетеді. Оның құрамына «AMANAT» партиясының облыстық және қалалық маслихат депутаттары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, заңгер медиаторлар енген. Олар халықтың несиесін кейінге шегеру, өтемақы мен төлемдерді уақытылы алуы және басқа да мәселелер бойынша кеңес береді.Тасқын келтірген шығын көлеміне сәйкес өтемақының төленуі жіті қадағалануда. Штаб жұмысы басталғалы эвакуациялық пункттер мен саяжайларда 155 кездесу өтіп, бес мыңнан астам адам қабылдауға келген. Облыста материалдық залалды қалпына келтіру бойынша 4184 азаматтан өтініш қабылданған.

Ербол ДАНАҒҰЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазіргі таңда сол екі мыңға жуық адамды біз қабылдадық. Оның жүзге жуығы заңды түрде көмек берген болатынбыз. Енді басты міндетіміз осы адамдар үйлеріне кіргенше толығымен осы адамдарға қызмет жасап, штабжұмысын тоқтатпаймыз.