$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Керекуде көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғасына ретсіз орнатылған антенналар мен кондиционерлермен күрес басталды

AstanaTV
03.03.2016ж. 20:00
1804
Керекуде көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғасына ретсіз орнатылған антенналар мен кондиционерлермен күрес басталды

Көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғасына ретсіз орнатылған спутниктік антенналар мен кондиционерлер бір жүйеге келтірілетін болды. Бұл наурыздың 1-нен күшіне енген Ұлттық экономика министрілігінің жаңа ережесіне сай жүргізілмек. Қазір бұл бағыттағы жұмыстар Павлодар қаласында басталып кетті. 343 көпқабатты тұрғын үй тексерілген. Олардың сыртында 1 мыңнан аса спутниктік антеннаның ілінгені анықталды. Әкімдіктің ақпарынша, ел аумағында хабар таратуға рұқсаты жоқ операторлардың қондырғылары түгелдей алынады. Ал транзиттік және магистральдік көшелердің бойындағы үйлердің қабырғасына салқындатқыштарды бей-берекетсіз орнатуға тыйым салынған. Тұтынушылар екі аптаның ішінде оларды ауыстырып немесе демонтаждауға міндетті. Әйтпесе, айыппұл төлейді. Оның көлемі 20-дан 100 айлық есептік көрсеткіш аралығында. 

Асқар Ғазизов, Павлодар қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы: 

Қазіргі таңда Павлодар қаласының тұрғындарына арнайы ескертпелер жіберілді. Онда транзиттік және магистралдік жолдардың бойында орналасқан үйлердің қабырғасына ілінген спутниктік антенналар мен салқындатқыштарды ауыстыру туралы ұсыныс жазылған. 

А.МҰХИТОВА