$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды

26.04.2024ж. 20:00
426
Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды

Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды. Қазір су басқан саяжай аумақтарына мониторинг жүргізіліп жатыр. Өңірге көмекке барған Түркістан, Ақтөбе облыстарының құтқарушылары Атырау облысына жіберілді. Олар Жайық өзенінің бойында орналасқан елдімекендерде су тасқынына қарсы іс-шаралармен айналысады. Себебі, Атырауда қауіп сейілген жоқ. Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр. Ұзындығы 240 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері нығайтылды. Айта кетейік, ел аумағында тасқыннан зардап шеккен 35 мыңнан аса адам үйіне оралды. 8 мың 500 адам эвакуация пунктерінде тұрып жатыр. Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 мыңнан аса суда қалған үй тазартылған.