$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Отандық автокөліктер Ауғанстанға экспортталады

26.04.2024ж. 20:00
477
Отандық автокөліктер Ауғанстанға экспортталады

Отандық автокөліктер енді Ауғанстанға экспортталады. Бұл туралы Кабулда өткен қазақ-ауған бизнес-форумында айтылды. Онда отандық 35 компанияның өнімдері мен қызметтері таныстырылды. Қазақстандық делегация құрамында «Кaspy Group», Doscar Group, Qarmet секілді ірі компаниялардың өкілдері бар. Форум барысында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин екіжақты тауар айналымын 3 млрд долларға дейін ұлғайту міндеті тұрғанын айтты.

Серік ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 Орталық Азия елдерінің ішінде Ауғанстан Қазақстанменең көп сауда жасайды. Біз бұл бағыттағы жұмысты одан әрі дамытуға дайынбыз. Кеше біз перспективаларды жоғары деңгейде талқылап, Қазақстандық компаниялардың Ауғанстанда іске асыратын экономикалық жобаларға қатысу уағдаластығына қол жеткіздік.