$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Оқу құралдарында да гендерлік теңдік сақталуы керек",- Ш.Каринова

26.04.2024ж. 20:00
832
"Оқу құралдарында да гендерлік теңдік сақталуы керек",- Ш.Каринова

Былтыр еліміз Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық гендерлік индекс бойынша146 елдің ішінде 62-ші орында болды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының басқосуында айтылды. Жиында гендерлік теңдік мәселесі талқыланды. Оған оқу-ағарту, мәдениет және ақпарат министрліктері өкілдерімен қатар, шетелдік сарапшылар қатысып, пікірлерімен алмасты. «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова гендерлік теңдік саясаты еліміздегі білім беру және денсаулық сақтау салаларында айқын көрінетінін атап өтті. Сондықтан ол оқу құралдарын жасау барысында да гендерлік теңдікті ұстау қажет деді.

Шолпан КАРИНОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Президент жанындағы мынау гендерлік мәселелер әйелдер жұмыстары және гендерлік демографиялық ұлттық комиссияның бастамасымен үлкен жұмыстар жасалып келе жатыр. Қазіргі күні "AMANAT" партиясында да осы бағытта, міне негізгі себептері екенін айтқым келеді. Біздің елімізде мынау білім саласында, денсаулық сақтау саласында қарап отырсаңыздар гендерлік мынау әйелдердің басымдықтары көрінеді.