Kusto Group су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмекке 1,5 млрд. теңге көлемінде қосымша қаражат бөледі.
«Су тасқынынан келген залалдың бұрын-соңды болмаған ауқымын және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнес-қоғамдастыққа көмек көрсету туралы үндеуін ескере отырып, біз су тасқынынан зардап шеккендерге шығындарды қалпына келтіруге қосымша қаражат бөлетіндігімізді жариялаймыз», — деді Kusto Group негізін қалаушы Еркін Тәтішев.