"ҚазСтандарт" Қазақстанда жаңа жол белгілерінің пайда болғанын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әңгіме 1 мамырдан бастап күшіне енетін ҚР СТ 1412-2017 "Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары" ұлттық стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы болып отыр.
Өзгерістерді ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті мен сауда және интеграция министрлігінің стандарттау және метрология институты әзірлеген. Олар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жол қозғалысына қатысушыларға қолайлылық қамтамасыз етуге бағытталған.
Негізгі енгізілген өзгерістер:
Міндетті сәйкестендіру белгісі: "Электр көлігі" - гибридті көліктерді қоспағанда, барлық электр көліктеріне қолданылуы тиіс.
"Электрлі самокаттар қозғалысына тыйым салынады" - жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу үшін тротуарларға орнатылады.
"Диагоналды жаяу жүргіншілер өткелі";
Параллель жолға ауысу";
"Параллель жолдың соңы".
"Жол инфрақұрылымының қолжетімділігі мүгедектер мен тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін де, сондай-ақ осындай адамдарды тасымалдайтындар үшін де қарастырылған", – деп түсіндірді ҚазСтандарт өкілдері.
Бұл белгілердің кейбірі Алматы мен Астана қалаларында тестілік режимде енгізіліп, тиімділігін көрсеткені айтылды.