$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қырғыз жігіті өз ауылына кітапхана салды

AstanaTV
27.04.2024ж. 08:30
601
Қырғыз жігіті өз ауылына кітапхана салды

Қырғыз Республикасы Баткен облысының тумасы Ұланбек Мурзаев өз фермасын бұзып, орнына оқушыларға арналған заманауи кітапхана ашты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Ұланбек өз кітапханасына көбі ағылшын тіліндегі, 30 мың кітапты жинаған. Кітап ордасында әдебиет, математика, өнер, медицина және тағы да басқа салалар бойынша түрлі кітаптар бар.

"Бұл жер - біздің екінші үйімізге айналды. Себебі, біз таңнан кешке дейін бос уақытымызды осында өткіземіз. Оқимыз, білім аламыз, жаңа дүниелерді үйренеміз",- дейді жас кітапқұмарлар. 

Оқушылардың бірі, математикадан үлгерімін осы кітапхана арқылы көтеріп алғанын айтты.

Кітапхана аз уақыттың ішінде оқушылардың сүйікті мекеніне айналды.Оқу орталығын ашу идеясы Ұланбекке 2020 жылы карантин уақытында келген. Ол ең шалғай аудандағы балалардың білім алуды жалғастырғанын қалаған. Қазір ол жаңа IT-орталық ашу үшін жұмыс істеп жатыр.

Кітап ордасының құрылысы үшін Ұланбек несие алған. Қазір несиені төлеу үшін ол екі жұмыста қызмет атқарып жүр.