Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Үкімет ұлттық экономикалық мүддені қорғап, әрі қарай дамытатын тұжырымдама әзірлеу керек - Азат Перуашев

AstanaTV
01.02.2017ж. 20:00
2897
Үкімет ұлттық экономикалық мүддені қорғап, әрі қарай дамытатын тұжырымдама әзірлеу керек - Азат Перуашев

Үкімет шеттен инвестиция тарту бойынша стратегия әзірлеумен шектелмеуі керек. Сонымен қатар экономикалық мүддені қорғап, әрі қарай дамытатын концепция дайындауы тиіс. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Премьер-министрдің атына осындай сауал жолады. Тұжырымдамада Қазақстанның сыртқы экономикалық әріптестерімен қарым-қатынасының ортақ талабы жазылуы керек. Және онда ұлттық экономикалық мүдде ескерілуі тиіс, - деді депутат. Ол мұндай тапсырманы  Елбасының да өз Жолдауында айтқанын ескертті. Депутаттың дерегінше, соңғы кезде елімізде жұмыс жасап жүрген шетелдік компаниялар инвестициялық жобаларға өз елдерінің кәсіпорындарын тартып, отындық компанияларға  кедергі жасап отыр.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" фракциясының жетекшісі:


Ақтөбе облысының басшылығы қытайлық «Ұлы қорған» компаниясынан қазақ жұмысшыларын қысқартпауды тағы талап етті. Қысқартулар компанияның табысы артқан тұста жүріп жатқанын айта кету керек. Бізге отандық кәсіпкерлер үнемі шағымданады. Олардың айтуынша, шетелдік инвесторлар  амалын тауып сервистік жұмыстар мен қондырғылар жеткізу келісімшартын өз елдерінің жеткізуші компанияларына алып береді. Сондықтан Үкімет халықаралық әріптестік аясында ұлттық экономикалық мүддені қорғап, оның ары қарай дамуына ықпал ету керек.

Ақтөбе облысында нанын тауып жүрген қытайлық «Ұлы қорған» компаниясы Қазақстан тарапынан 500-ге жуық жұмысшыны қысқартқаны туралы айтқан едік. Қысқарту барысында шетелдік және қазақстандық жұмысшылардың арақатынасы сақталмаған. Қысқартуға ұшыраған мұнайшылардың жүзге жуығы ғана жұмыспен қамту орталығына келіп, кәсіп сұраған. Облыста қазір 1257 тұрғын  жұмыспен қамту бөліміне тіркелген.