Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

АҚШ-тағы үш штатта жойқын торнадо болды: Үш адам қаза тапқан

AstanaTV
27.04.2024ж. 21:41
995
АҚШ-тағы үш штатта жойқын торнадо болды: Үш адам қаза тапқан

АҚШ-тағы бірнеше штатта жойқын торнадо жүріп өтті. Салдарынан 6 адам зардап шегіп, 3 адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айова штатындағы Потаваттами округінде зардап шеккен төрт адам көмекке мұқтаж. Сондай-ақ ауданда 120-ға жуық үй мен кәсіпорын зардап шекті. Небраска штатының Омаха қаласында екі адам жеңіл жарақат алған. Торнадо Эльхорн аймағына құлады.

Омаха полициясының бастығы Тодд Шмадерердің айтуынша, ескерту жүйелері тиімді жұмыс істеді, сондықтан одан да ауыр зардаптардың алдын алды.

Қолайсыз ауа райы 28 сәуірге дейін болады деген болжам бар. Торнадо Даллас, Остин, Оклахома-Сити, Тулса, Канзас-Сити және Вичитаға да соғуы мүмкін.