Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Астанада кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

AstanaTV
28.04.2024ж. 07:14
511
Астанада кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Астанада бүгін  спортсүйер қауым үшін ең ірі жарыстардың бірі – «Бірлік жүрісі» өтеді. Осыған байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды  полиция департаменті.

Жарысты Астана қаласының триатлон федерациясының қолдауымен Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырады. Астана қаласының Триатлон федерациясының ұйымдастыру комитеті елорда тұрғындары мен қонақтарын жарыс өтетін орындардағы жолдардың кейбір учаскелерінде қозғалыстың ішінара жабылғаны туралы хабардар етеді.

Осыған байланысты ЭКСПО маңындағы Түркістан көшесінің солтүстік бағытындағы учаскеде қозғалыс 27 сәуір сағат 15:00-ден 28 сәуір сағат 15:00-ге дейін жабылады (бастапқы/аяқтау аркасын монтаждау/бөлшектеу).

Түркістан көшесі ЭКСПО ғимаратынан Достық көшесіне дейін, Достық көшесі Түркістан көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін, Ақмешіт көшесі Достық көшесінен Түркістан көшесіне дейін оңтүстік бағытта қозғалыс 28 сәуір сағат 06:50-ден 10:00-ге дейін жабылады.

Бұл шектеулер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды бөлуді ескере отырып енгізілді.