Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Көпқабатты үйлердің жертөлесіндегі қазандықтар сыртқа шығарылады

AstanaTV
01.02.2017ж. 20:00
2784
Көпқабатты үйлердің жертөлесіндегі қазандықтар сыртқа шығарылады

Қарағанды облысында көпқабатты үйлердің жертөлесіндегі қазандықтар түгел сыртқа шығарылады. Бұл іс сәуір айынан бастап жүзеге аспақ. Бұл туралы "Астана" арнасына облыстық энергетика басқармасы өкілдері хабарлады. Шахандағы төтенше жағдайдан кейін Үкімет басшысының тапсырмасымен аймақтағы жекеменшік жылу жүйелері тексерілген. Нәтижесінде 7 жүзге жуық автоматтандырылған жылыту жүйесінің 20 пайызы әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлерде орналасқаны анықталды. Шаханнан бөлек Саран қаласы мен Ақтау, Ағадыр кенттерінде мектептер мен ауруханалар, мәдениет үйлері мен ауыл әкімдіктері осындай қазандықтармен жылытылады. Арнайы комиссия жылу жүйелерін түгелдей тексеріп шыққан. Ең алдымен 30 көпқабатты үйдің жертөлесіндегі қазандықтар демеушілер есебінен сырттағы дербес ғимаратқа орналастырылады.

Ұлантай Үсенов, Қарағанды облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

Біз бұл жұмысты келесі жылыту маусымына дейін аяқтаймыз. Оған қаржы демеушілер есебінен жұмсалады. Қазандықтарды сыртқа шығару тиісті жұмыскерлерге тапсырылды.

Еске салсақ, қаңтардың басында Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің жертөлесінде қазандық жарылып, бүкіл бір подъезі құлап қалған. Салдарынан 9 адам қаза тапты.