$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағандылық әйелді балаларының көзінше өлтіріп кеткен: Полицейлерге қатысты қызметтік тергеу басталды

AstanaTV
28.04.2024ж. 23:40
1222
Қарағандылық әйелді балаларының көзінше өлтіріп кеткен: Полицейлерге қатысты қызметтік тергеу басталды

Қарағандыда күйеуі балаларының көзінше анасын өлтірген дерек бойынша полицейлерге қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі. Бұған дейін полиция оқиға алдында шақырылғаны және күдіктіні ұстау кезінде де немқұрайлылық танытқаны айтылған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қоғамда резонанс тудырған әйелдің өлімі туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Негмет Исмағұлов түсініктеме берді. Ол кісі өлімі болмай тұрып оқиға орнына барған полицейлерге қатысты қызметтік тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Полиция қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың басшылығына қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша ең қатаң шаралар қабылданатын болады. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық жағдайлары белгіленеді. Қылмыстық істі тергеу барысы менің жеке бақылауымда", - деді Исмағұлов.