$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Президенттің сандық технологияларға ерекше көңіл бөлу бастамасы аса маңызды

AstanaTV
01.02.2017ж. 20:00
2329
Президенттің сандық технологияларға ерекше көңіл бөлу бастамасы аса маңызды

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында жаңа салаларды дамытуға ерекше көңіл бөлуі  -аса құптарлық.  Алдағы уақытта сандық технологияларды автоматтандыру, роботтандыру, 3 Д принтинг сияқты заманауи технологияларды кеңінен қолдану жоспарланып отыр. «Үшінші жаңғырудағы басым бағыттың бірі халықаралық тәжірибеге негізделіп отыр. Бұл уақытты үнемдеп, шығындарды азайтады», - дейді сарапшылар.

Мұрат Әбенов, саясаткер:

Үшінші модернизацияның ерекшелігі - экономика мен саясат бірге өзгеріп жатыр. Бірігіп шықпасақ бәсекелестікке, болмайды. Экономика, саясат, қоғам бірігу керек. Қоғам білімді болу керек, мамандық өзгертуге дайын болу керек, бір жерден бір жерге көшуге дайын болу керек. Себебі автоматтандыруда жұмыс азаюы мүмкін.

Нәйля Әлмұхамедова, ҚСЗИ экономикалық зерттеулер бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы:

Жалпы экономикалық теорияны алатын болсақ, жаңа салалар тезірек дамиды. Олардың тиімділігі және пайдасы жақын арада, бірден сезіледі, көрінеді. Сондықтан да жаңа саланың дамуы экономикаға жақсы септігін тигізеді.