Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Бірлік жүгірісі» республикалық жартылай марафоны өтті

29.04.2024ж. 20:00
265
«Бірлік жүгірісі» республикалық жартылай марафоны өтті

Бір мезгілде 10 мың адам жүгірді. «Бірлік жүгірісі» республикалық жартылай марафоны 15 өңірде ұйымдастырылды.  Бірлік күніне орайластырылған шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамашы болды. Ал Астана қаласының триатлон федерациясы мен Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат министрліктері қолдау көрсетті. Жас ерекшеліктеріне қарай 21, 10 және 5 шақырым қашықтықта бақ сынады. Ал бес жастағы бүлдіршіндер алғаш рет бір шақырым қашықтыққа жарысты. Мәреге жеткендердің барлығы естелік медальға ие болды. Жеңімпаздар жас санаттары бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Төлепберген СҮЙІНТАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТРИАТЛОН ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ФИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
Халқымыздың бірлігі үшін, көпұлтты мемлекет болғаннан кейін барлық мемлекеттерге, барлық ұлттарға арналған бірлік күнімізді көрсетіп, жүгірісті біз спорт арқылы өзіміздің мақсатымызды орындап жатырмыз.
Медғат ОЛЖАЕВ, МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ:
Бұрын Алматыда 21 км жүгіргенмін. Арасында енді дәл жеті күн. Жүгіру мақсатым енді осы Алматы мен Астана арасындағы уақытын салыстыру.