Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мәжіліс депутаттары «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты

Мәжіліс депутаттары «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты

Мәжіліс депутаттары сенбілікке шықты. Халық қалаулылары мен Палата аппаратының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағын тазалады. Олар 350 түп шырша, қарағай, емен және қайың көшеттерін екті. "Айналаның тазалығына барлығымыз жауаптымыз" деген депутаттар қазақстандықтарды экологиялық акцияға белсенді түрде қатысуға шақырды. Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» ауқымды шарасы елордада "Жасыл аймақ" деген атаумен өтуде.