$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Енді екі жолақты жолда қарсы бағытқа шыққандар жүргізуші куәлігінен айырылады

29.04.2024ж. 20:00
762
Енді екі жолақты жолда қарсы бағытқа шыққандар  жүргізуші куәлігінен айырылады

Енді екі жолақты жолда қарсы бағытқа шыққандар жүргізуші куәлігінен айырылады. Сондай-ақ, электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынады. Ал электрокөлік иелері арнайы белгі жапсыруға міндетті. Жаңа жол қозғалысы ережесіне енгізілетін өзгерістерді Жанбота Хашхынбай жеткізеді.

Енді екі жолақты жолда қарсы бағытқа шыққандар 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады. Яғни, «алдында келе жатқан көлікті басып озуға болмайды» деген арнайы белгі бар жерден қарсы бағытқа өткендерге осындай жаза қолданылады.

Ақтоты БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Біртұтас таңбалау сызығы дейміз ғой соны кесіп өткені үшін жауапкершілік өзгерді. Енді бірде бір белгісімен белгіленген және үште жиырма басып озуға тыйым салынған белгісімен белгіленген екі жолағы бар және екі жақты жолға шығу бұдан кейін қарсы жүріс жолағына шығу болып есептеледі. Сонымен қатар елді мекендегі автобустардың жылдамдығын сағатына 50 км-ге дейін төмендеттік.

Тротуарларда электр самокатпен жүруге тыйым салынады. Сондай-ақ, диагональды жаяу жүргіншілер өткелі белгісі, қарама-қарсы жүріс бөлігінің соңы, қарама-қарсы жүріс бөлігіне қайта ауысу белгілері енгізілді.

Саида БАЛДИКОВА, "ҚАЗСТАНДАРТ" РМК СТАНДАРТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Бұл өзгерістер жол жүргізушілердің барлығына қатысты. Белгілерді Астана, Алматы қалаларынан көрген боларсыздар. Себебі бұл белгілер емтихандарда 1 жыл уақыт ішінде көрсетіліп келген және актуалдылығы мәлім. Енгізілген басты белгілірдің бірі самокатпен жүруге болмайтындығы және электрлі көліктердің белгісі.

Бұған дейін тірек-қимыл аппараты бұзылған 1 және 2 ші санаттағы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бірнеше жеңілдіктер болған. Олар арнайы мүгедектерге арналған тұрақ белгісіне немесе тыйым салынған аймақтарға тоқтай алады.