$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде су басқан шалғай ауылды полиция күзетіп жүр

AstanaTV
30.04.2024ж. 22:35
1109
Ақтөбеде су басқан шалғай ауылды полиция күзетіп жүр

Ақтөбе облысы бойынша су басқан ауылдарды әлі күнге дейін полиция күзетіп жүр. Мұнда полиция қызметкерлері кезекшілікпен жұмыс істейді.

Ақтөбе облысы бойынша қазір тек Ырғыз ауданының үш ауылында су қайтқан жоқ.

Сондықтан Нұра, Мамыр, Белшер ауылдарында полиция күзеті жалғасып жатыр. 

— Нұра ауылында 1300-ден астам адам тұрады. Оның Түбек аумағында 55, Штаб аумағында 45 үй бар. Халық мал шаруашылығымен айналысады. Бәрі бір-бірін таниды. Көктемгі су тасқыны кезеңі басталғанда біз бөгет бекітуге, салуға жұмыстарына қатыстық. Содан кейін эвакуациялау жұмысы жүрді. Қазір мұндағы қауіпсіздік мен дүние-мүліктің бүтіндігі үшін қызмет етіп жүрміз. Ауылға бөгде адам кірмейді. Өзіміз сол ауыл маңындағы шатырда қонамыз. Жолдан әрі-бері өткендерді қарап, бағыттап отырамыз, — деді Ырғыз ауданы Нұра селолық округінің учаскелік инспекторы Айдын Бейсенбаев.

Нұра ауылындағы жұмыс 30 наурыз күні басталып, бүгінге дейін жалғасып жатыр.

Мұнда кейбір жолдарды су шайып, қатынас қиындаған. Полиция сол маңда адамдарға ескерту жасайды. 

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, су тасқыны кезінде құтқару, эвакуациялау және күзету қызметіне барлығы 300-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды.