$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Көкшетауда дәрігерге дөрекілік көрсеткен әйел қамауға алынды

AstanaTV
01.05.2024ж. 20:10
894
Көкшетауда дәрігерге дөрекілік көрсеткен әйел қамауға алынды

Сот Көкшетау тұрғынын медициналық қызметкерге көрсеткен дөрекілігі үшін қамауға алу туралы үкім шығарды. 

Көкшетау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты учаскелік емхананың медицина қызметкеріне құрметсіздік көрсету туралы істі қарады.

Сот барлық мән-жайларды зерделей келе, Көкшетау қаласының тұрғынын Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 80-1-бабының 2-бөлігімен – «Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі жасау» бойынша кінәлі деп таныды» Әйел адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«Азаматтардан медициналық көмекке жүгіну және көрсету кезінде медицина қызметкерлеріне құрметсіздік көрсетуге жол бермеулерін сұраймыз, өйткені бұл заңмен белгіленген жауапкершілік. Өзіңізді құрметтеңіз және медицина қызметкерлерінің еңбегін құрметтеңіз», – деді Көкшетау қалалық емханасының қызметкерлері.