Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Газада 13 мың бала көз жұмды

AstanaTV
02.05.2024ж. 00:29
277
Газада 13 мың бала көз жұмды

Қарулы қақтығыс басталғалы Газа секторында 13 мыңнан аса бала көз жұмды.

Тағы 17 мыңы жақындарынан айырылып, жетім қалған. Тиісті мәліметті ЮНИСЕФ өкілдері жария етіп отыр.

Мамандар балалардың біліміне де алаңдаулы. Өйткені атыс-шабыстан өңірдегі мектептердің 80% бүлінген. Салдарынан оқушылар сабақ оқудың орнына үй-жайын тастап, басы ауған жаққа босып кеткен. Бұл туралы 24.KZ. хабарлайды.