5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына биыл Қазақстаннан 800-дей ат қатысады. Сайысқа дайындықты пысықтау мақсатында Ұлттық спорт қауымдастығы мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті дөңгелек үстел ұйымдастырды. Байрақты бәсекеге Түркия, Венгрия, АҚШ, Европа Африка сынды 100-ден аса мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысуға ниет білдірген. Олар ұлттық спорттың садақ ату, саятшылық өнер, жамбы ату сияқты 20 түрінен сайыспақ. Басқосуда спорттық жылқы шаруашылығын дамыту, ат спорты мен ұлттық спорт түрлерінің мамандарын даярлау мәселелері де талқыланды. Елімізде осыған дейін қазақ тұлпарына, ат спортына қатысты бірде бір Заң қабылданбаған.
Исламбек САЛЖАНОВ, "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ" ЗТБ ПРЕЗИДЕНТІ:
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында ұлттық спорт саласын реттейтін бірден-бір заң қабылданбаған. Онсыз саланы сапалы, тиімді дамыту мүмкін емес. Осыған байланысты ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ҚР Парламент мәжілісі депутаттарымен бірге ұлттық спорт туралы заң жобасын әзірлеуге бастамасын көтеріп отыр. Бұл ұлттық спортты жүйелі дамытудың негізгі қадамы болады.
Ахмет ТОҚТАБАЙ, ЖЫЛҚЫТАНУШЫ:
Дүниежүзінде 32 елде музей бар. Дамыған елдерде Англия, Франциядан бастап Япония, АҚШ, Мексикаға дейін музейлер бар. Қазақстан жылқының отаны дейміз, бізде музей жоқ. Қазақ жылқысының тарихы, қазақ жылқысының мәдениетіне арналған музей керек. Ал осы музейдің мен қазір бүкіл неше залдан тұратынын , қандай экспонат тұратынын, музейдің экспозициясын түгел планын, жоспарын дайындап қойдым.