«Robotek Grand Tournament» чемпионатының бір жүлдегері Қазақстан-Британ техникалық университетінің ақпараттық технологиялар және инженерия мектебі білім грантына ие болады. Чемпионат биыл алғаш рет халықаралық деңгейде өтуде. Сайыс екі күнге созылады. Оған елімізден 9 бен 17 жас аралығындағы 200-ден астам оқушы мен Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің үздік командалары қатысты. Олар жеті кезең бойынша бақ сынайды. Робот құрастыруда жаратылыстану, технология, инженерия және математика бойынша білімдері мен дағдыларын дамытып, инженерлік принциптерді қолданады. Білім грантынан бөлек, әр санат бойынша жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және арнайы номинациялармен марапатталады.
Санжар ШАЛҚАРБАЕВ «РОБОТЕК» РОБОТОТЕХНИКА МЕКТЕБІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
Соңғы екі жылдың ішінде қарқынды дамып жатыр робототехника саласы. Әр түрлі чемпионаттар турнирлер өте бастады. Сондықтан біз осы тренд әрі қарай жалғаса береді деп ойлаймыз.
Бақытбек НҰРҒИСА, ЧЕМПИОНАТ ҚАТЫСУШЫСЫ:
Менің бүгінгі ұсынып отырған роботым «Мерген» деп аталады. Мерген деген робот ол өзі оқ жинап, нысаналарға ататын. Біздің роботтың ерекшелігі, ең бірінші ататын жерлерін көріп алады. Оқтарын жинап атуға барғаннан кейін сол нысаналарға дәл тигізеді. Қару ретінде пайдалануға болады, егер оның ататын программасын және материалдары қатты мықты болса, аң атуға пайдалануға болады.