$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада қоғамдық көлікпен жүру ақысы қымбаттайды

02.05.2024ж. 20:00
467
Астанада қоғамдық көлікпен жүру ақысы  қымбаттайды

Астанада қоғамдық көлікпен жүру ақысы қымбаттайды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек айтты. Жолақы 20 теңгеге көтерілуі мүмкін. Бағаның өзгеруіне жүргізушілердің жалақысы мен жанар-жағармайдың қымбаттауы себеп болып отыр.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚАЛА ӘКІМІ:

Жол ақысы 10 жылдан астам уақыт бір бағада болды. 90 теңге болды, енді 110 теңге болып өзгермек. Осы уақыт аралығында жүргізушілердің жалақысы мен бензиннің құны өзгерді, сондықтан бұл өте орынды деп ойлаймын.